Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік қымбаттаса да әрекетсіз отырған екі облыстың басшылығын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет басшысының сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жұмыс тиімділігінің рейтингінде Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары соңғы орындарда.
"Бұл өңірлерде бөлшек сауданың да, көтерме сауданың да бақылауы нашар, ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізу бойынша жұмыстар да нашар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл фактілер басқа салаларға да қатысты", - деді Смайылов Үкімет отырысында.
Премьер-министр лауазымды тұлғалардың жергілікті жерлердегі әрекетсіздігі бағаның өсуіне ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!