Смартфонға арналған әлемдегі ең жіңішке дисплей жасалды

Смартфонға арналған әлемдегі ең жіңішке дисплей жасалды

LG Display әлемде аналогы жоқ смартфондарға арналған ең жұқа рамкалы дисплей құрылымының құрастырылғаны туралы хабарлайды.

Жаңа 5,3-дюймді дисплей 1920х1080 пиксельді көрініспен қамтамасыз ете алады. Ал оның қалыңдығы несие картасының қалпынан да жіңішке болып, 0,7 мм-ді қамтиды.

«Әлемдік смартфондар нарығында үлкен дисплейлерге сұраныс көбейіп жатқандықтан, тұтынушылар дисплейдің жұқа болғанына да назар салып отыр. Себебі олар қолындағы девайсының мүмкіндігін барынша мол қолдануды қалайды», - дейді LG Display вице-президенті Byeong-koo Kim.

Әзірге жаңа технологиялық жобаның болашағы туралы еш мағлұмат берілген жоқ. Дегенмен оңтүстіккорейлік компания алдағы уақытта мүмкіндігінше тәжірибе жүзінде ең жіңішке дисплейге ие смартфондар шығаратын болады.

Сурет:www.lgdisplay.com

Ж. Өрісбай