Apple мен Google жыл соңына дейін смартфондарға арналған көмекші құрал жасап шығарады, - деп жазады The Wall Street Journal.
Жаңа құрал иесінің "мінез-құлқын" зерттеп, соған байланысты ақыл-кеңес беріп отырады.
Айта кетелік, мұндай құралды бұған дейін Google корпорациясы жасап шығарған еді. Бірақ, олар жыл соңына дейін бұл сервисін дамытып, жетілдірілген нұсқасын таныстыруды мақсат етіп отыр.
Екі бәсекелес компанияның өнімдеріндегі басты айырмашылық мынау. Google смартфон иесіне қатысты мәліметтерді интернеттен де жинайды. Ал Apple деректерді тек смартфонның өзінен алмақ. Ал екі сервиске де ортақ нәрсе – бұл екеуі де қолданушының жеке электрондық почтасын ашып қарап отыра алады.
Бұл ақпараттар қалай пайдаға асады деп ойлайсыз? Мысалы смартфон иесінің таңертең музыка тыңдайтын әдеті болса, телефон оны есінде сақтап қалады. Иесі ұйқыдан тұрған соң смартфонға құлаққап жалғанса, дереу музыка қосылады.