Смартфонның басты ерекшеліктерінің бірі - камера. Себебі әрқайсысымыз да өмірдің қызық сәттерін бөлісу үшін сапалы камераға ие болғымыз келеді.
Бұл салада Apple, Samsung және LG компаниялары нәтижелі жұмыс жасап келеді. Ал мобильді процессорларды шығарумен айналысатын Qualcomm компаниясы PDAF және лазерлі фокустың көмегімен смартфон камераларын жылдам фокус алу мүмкіндігімен қамтамасыз етпек. Осылайша Qualcomm компаниясы екі технологияны біріктіре отырып, гибридті функцияны құрастырды.
Лазерлі автофокустағы инфрақызыл тетік камераның суреттегі нысанға бұрылғанға дейін сигнал жібереді. Аталған функцияда қолданылатын лазердің шамасы функцияның жылдамдығын негіздейді.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген смартфондар контрастты автофокусды пайдаланады. Дәстүрлі принцип негізінде жұмыс істейтін камераның фокусты алу уақыты біршама көп. Сондай-ақ, камера алдында қозғалып жатқан нысандар оның фокус алу стандартын бұзып жібереді. Ал қытайлық гибрид бұл проблеманы оңай шеше алады.