Америкалық Canonical компаниясы IoT World конференциясында Ubuntu оперативті жүйесі негізінде жұмыс істейтін ChillHub смарт-тоңазытқышын таныстырды.
Аталған «ақылды» өнімді америкалық тұрмыстық техника алыбы GE Appliances компаниясы құрған FirstBuild қоғамының қатысушылары құрастырған. 500 литр көлемге ие тоңазытқыш ішкі температураны бақылайтын әртүрлі сезімтал тетіктермен, екі USB-порт және Wi-Fi модулімен қамтамасыз етілген.
Смарт-өнім Linux оперативті жүйесінің қосалқы бөлшегі болатын Ubuntu Core («Snappy») платформасы негізінде жұмыс істейді. Оған қоса, арнайы iOS платформасына арналған қосымшаларын ұсынады. Сәйкесінше «ақылды» тоңазытқышты iPhone немесе iPad құрылғыларымен бақылауға болады.
ChillHub тоңазытқышы салқын аймақта белсенді жұмыс істейтін аппараттық қамтуға ие ең алғашқы тұрмыстық техника болып отыр. ChillHub тоңазытқышының әлемдік нарықтағы бағасы 1000 АҚШ долларын құрайды. Ал алдын ала тапсырыс беру арқылы тұтынушылар $200 үнемдей алады.
Әзірге аталған өнім АҚШ аймағында сатылымға шықты. Ал әлемдік нарыққа шығуы туралы компания өкілдері еш ақпарат берген жоқ.
Ұқсас жазбалар:
Қарапайым секіргіш смарт құрылымға ие болды
Үйді өздігінен тазалайтын қоқыс жәшігі жасалды