- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Смарт аяқ киім...
Смарт аяқ киім сізге жол көрсетеді
Ducere Technologies атауына ие индустар компаниясы электронды ұлтарақтары бар «смарт» аяқ киім шығаруға дайындалып жатыр. «Lechal» аяқ киімінің табанына орнықтырылған арнайы сезгіш аппараттары адамға дұрыс жол көрсету бағдарламасымен қамтылған.
«Смарт» аяқ киімнің жұмыс істеу принципі өзге де смарт бұйымдардың принциптері секілді Bluetooth арқылы жұмыс істейді. Аяқ киім ауадағы байланыс арқылы смартфонға қосылып, діріл арқылы жол туралы ақпарат бере алады. Осылай, Lechal қайда қай жолмен баруды өз иесіне көрсетіп отырады.
«Смарт» аяқ киім алғысы келетін, бірақ өзінің аяқ киімін тастауға қиятын адамдар үшін арнайы бөлек эелектронды ұлтарақтар дайындалған. Оны өз аяқ киіміне жабыстыру арқылы іске асырылады.
«Смарт» аяқ киімдердің бір артықшылығы қолға тағылатын білезігімен алатын болсаңыз, ол белгілі-бір қашықтықта қалып қойған жағдайда сізге белгі беретін болады.
Тұтынушы өзінің бара жатқан мекенжайын смартфон арқылы қосымшаға енгізіп, сосын аяқ киімнің нұсқауымен жүре беруге болады. Lechal аяқ киімі бастапқыда көзі нашар көретін адамдарға арналып жасалынған болатын. Дегенмен, компания басшылығының айтуына қарағанда, оны бар қоғам тұтынып көруге қызығушылық танытып жатыр екен. Қызыл және қара түсті смарт аяқ киімдер жуырда әлемдік нарықта 100-150 АҚШ доллары бағасымен шығады деп күтілуде.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.forexinfo.it
Ж. Өрісбай