СІМ Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанның Украинадағы елшілігіміз штаттық режимде жұмыс істеп келеді.

Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық бар. Біздің мәліметімізге сәйкес Киевтегі шетелдік дипломатиялық корпус өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялап жатқан жоқ.

Қазақстандықтардан да эвакуациялау бойынша өтініштер түскен жоқ және қазіргі уақытта арнайы ұшақтарды жіберу жоспарда жоқ.

"Өздеріңіз білетіндей, Украинада соғыстың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Кетемін деген азаматтар елден шығып кеткен. Бірақ біздің есебіміз бойынша Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Нақты санын айту қиынға соғады. Оған қарамастан, бірнеше күн бұрын біз Украинадағы қазақстандықтарға ел аумағынан кету туралы хабарлама жасадық. Қазақ дипломаттары өз жұмысын тиянақты атқарып келеді, егер отандастарымыздан өтініш түскен жағдайда оларға барлық қажет көмекті көрсетеміз. Дегенмен жағдайдың одан әрі дамуына байланысты өз әрекетімізді жасаймыз", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!