- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СІМ Тоқаев пен...
СІМ Тоқаев пен Мирзиеевтің бейресми кездесуі туралы айтты
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуі неге Шымкентте өткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Айбек Смадияровтың сөзіне қарағанда, Шымкенттегі бейресми кездесуге қаланың Өзбекстанмен шекарада орналасуы себеп болған.
"Өзбекстан ең жақын серіктестеріміздің бірі және мемлекет басшылары Шымкентте кездесуді ұйғарғанын білесіздер, өйткені бұл миллион халқы бар өте үлкен қала және Өзбекстанмен шекарада орналасқан. Бізде осы бағыттағы сауда, транзиттік әлеует өте белсенді дамып келеді. Мәдени байланыстар да бар. Сондықтан Қазақстанның басқа қалаларында емес, Шымкентте болғаны қисынды", - деді Айбек Смадияров дүйсенбіде өткен брифингіде.
Еске салайық, 3 наурызда Шымкентте Мемлекет басшысының Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесуі өтті.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан