- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СІМ шетелде соғысқысы...
СІМ шетелде соғысқысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде соғысқысы келетін Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қазір үшінші тарап үшін соғысып жатқан қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ.
"Қазір қолымда (Ресей немесе Украина жағында соғысып жатқан - еск.) қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ. Мұндай ақпарат болса, ол міндетті түрде жарияланады. Себебі Қазақстан азаматы үшінші тарап үшін соғысқа қатысса, ол сотталады", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық Таиландтағы джунглиде құлдықта болғаны хабарланды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
"Биыл қаңтардың соңында Таиландтағы консулдықтың WhatsApp нөміріне хабарлама келді. Онда "Мен Қазақстан азаматымын. Қай мемлекет екенін білмеймін, джунглидің ішінде құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деп жазылған. Дереу анықтай бастадық. Сөйтсек, біздің екі азакматшамыз құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып қалған. Әр адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен жұмыс істеп, бір айда екі азаматша құтқарылды. Қазіргі таңда олар елге келе жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz