Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қазақстандықтар қаза болғаны туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Ульяновск облысы ТЖМ штабының алдын-ала мәліметтері бойынша, Ульяновск облысында жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, 21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысындағы тасжолда жол апаты болып, микроавтобус екі жүк көлігімен соқтығысқан еді. Ресейлік БАҚ жол апатынан 15 қазақстандық қаза болуы мүмкін екенін жазған болатын.