Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аумақта үшінші қазақстандық турист те болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үсеновтің айтуынша, қазақстандық дипломаттар Непал мен Қытайдың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жоғалған отандастарымызды іздестіру шаралары жалғасуда.
26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүрген. Су, лай мен қоқыс араласқан алапат ағын Бхотекоши және Тришули өзендерінің аңғарындағы елді мекендерді басып, үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратып кеткен. Табиғи апат салдарынан жүздеген адам қаза тауып, тағы жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Бұған дейін Қазақстан СІМ Непалда жоғалғандар арасында қазақстандық азаматтың бар екенін хабарлаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Непалдан Қытайға шекара асқан туристік топтың құрамында болған.
Кейінірек екінші қазақстандықтың да іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Енді СІМ апат аймағында үшінші отандасымыздың болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!