- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СІМ Назарбаев пен...
СІМ Назарбаев пен Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Беларусь Президенті мен Тұңғыш президент көптен бергі серіктес. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастары тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін", - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, жексенбіде Беларусь президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескені жайлы хабарлама тараған болатын. Баспасөз қызметтің мәліметінше, әңгіме барысында халықаралық жағдай, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қатынастары талқыланған.
Лукашенко Назарбаевпен ресейлік әріптесі Владимир Путинмен хабарласқаннан кейін сөйлескен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина