Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміз Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұл маңызды шешім Қазақстан мүддесі үшін қабылданған және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.
"Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді. Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ қарарларына сай және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидатына сүйеніп, әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова