Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Италиядағы тарихи ескерткішті бүлдірген қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Италияда біздің азамат тарихи ғимаратқа заңсыз жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдарында барлық қажет ресми жұмыстар аяқталғаннан кейін ол босатылды. Одан әрі сот талқылауы әкімшілік тәртіппен жүргізіледі", - деді СІМ.
Еске салайық, 23 маусымда қазақстандық турист Помпейдегі тарихи ескерткішке атын жазғаны үшін ұсталған болатын.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері сенбіде Қазақстаннан барған туристі ұстады.
Оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына хабарланған, содан кейін ер адам ұсталды. Ол сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы керек. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болды.
1913-1914 жылдары қазылған Цеев үйі - соңғы самнит дәуіріндегі (б.з.д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!