Словакияның премьер-министрі Роберт Фико ауруханаға түсті. Оған үкімет отырысынан кейін оқ атылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Премьер Фико атыс кезінде жараланды", - деп хабарлады Aktuality.sk.
Фико жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылғаны хабарланды. Күдікті ұсталды, премьер-министр Братиславадағы ауруханаға жеткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, видеода Роберт Фикоға оқ атқан адамның ұсталған сәті түсірілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!