Словакияда төрт қазақстандық ұсталды

Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
Фото: Видео кадры

Словакия полициясы өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жасты ұстады. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Словакиялық tnlive.sk жаңалықтар порталының мәліметінше, полиция бес күдіктінің төртеуін ұстаған. Олардың барлығы Тренчин қаласындағы университетте оқиды. Басылымның хабарлауынша, ұсталған студенттердің үшеуі - қазақстандықтар.

Тергеу мәліметінше, жігіттер полиция формасын киіп, жергілікті тұрғыннан ақша алмақ болған. Олар іздеген адамын әжесінің үйінен табуға тырысқан.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі студенттердің ұсталғанын растады. Ведомство іс бойынша қанша қазақстандық ұсталғанын да нақтылады.

"Сыртқы істер министрлігі Словакияда төрт қазақстандықтың ұсталғанынан хабардар. Оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Туыстарымен байланыс орнатылды. Жағдай министрліктің бақылауында", - деп хабарлады ведомстводан.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

tnlive.sk (@tnlive.sk) жариялаған жазба

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget