- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Слова пацана" сериалының...
"Слова пацана" сериалының актері кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Мәскеу соты "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалында эпизодтық рольде ойнаған актер Сергей Базановты қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәскеудің жалпы юрисдикция соттарының баспасөз қызметі мәліметінше, 2011 жылы кісі өлтірді деген күдікпен Сергей Юрьевич Базановқа қатысты Замоскворецкий аудандық соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
"Сот 20 ақпанға дейін, 2 ай қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген хабарламада.
БАҚ мәліметінше, Базанов кірген қылмыстық топ кәсіпкер Забиевке шабуыл жасап, одан ішінде 900 мың доллар бар сөмкені тартып алмақ болған. Бірақ кәсіпкер қарсылық көрсеткен. Шабуылдаушылар оның басынан мылтықпен жаралап, ақшаны ұрлап, қашып кеткен.
Айта кетейік, Сергей Базанов сериалда "Универсам" тобының мүшесі Демидтің рөлін ойнады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова