"Скриптонит" лақап атымен танылған Әділ Жәлелов жаңа альбомын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Албомның YEAHH деп аталады. Музыкалық платформалардан биылғы 1 желтоқсаннан бастап тыңдауға болады.
Әншінің өзі жаңа альбомы туралы Instagram-дағы стористерінде жазды.
"Альбомды өзім құлаққаппен енді ғана тыңдап шықтым. Ештеңе айтқым да келмейді, шынын айтсам, сондай ..., - деді ол.
Рэпер артынша мұның қалжың, ал албомьның "керемет" екенін айтқан.
"Қалжың қалжыңымен, бірақ мұқтаж болып жүргеннің бәріне денсаулық тілеймін, аман болыңыздар", - деп жазды әнші.
Скриптонит Павлодар маңындағы Ленин кентінде дүниеге келген. Рэп жазып, айтумен әуестенген ол бірте-бірте ресейлік тыңдарман жүректерін жаулап алды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!