Ауа райының қолайсыздығына байланысты 22 қаңтар күні Солтүстік-Қазақстан облысы мен Қарағанды облысының оқушылары қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік-Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитынын мәлімдеді.
"Температураның -26°C дейін төмендеуіне байланысты 2025 жылдың 22 қаңтарында 0-4 сынып оқушыларының оқу сабақтары қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады. Ата-аналар мен оқушыларға бұл ақпаратты ескеріп, суыққа қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының білім басқармасы да оқушылар қашықтан оқитынын хабарлады.
"2025 жылдың 22 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарының, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі", - деді білім басқармасында.
Сондай-ақ Қарағанды және Балқаш қалаларында 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі. Ал 5-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде өтеді.
"Құрметті ата-аналар! Ауа райының қолайсыздығына байланысты, мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке баруы немесе бармауы туралы шешімді өздеріңіз қабылдауларыңыз мүмкін және қабылданған шешім туралы сынып жетекшісіне хабарлау қажет екенін ескертеміз", - деді Қарағанды облысының білім басқармасы.
Еске салайық, 22 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған болатынбыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова