- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-ға Түркістан облысынан...
СҚО-ға Түркістан облысынан су тасқынына қарсы көмекке барған құтқарушы қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге барған Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД мәліметіне сүйенсек, 2 сәуірге қараған түні Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде құтқарушы қайтыс болған. Ол - Түркістан облысы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов.
"Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесу үшін келді. Сол күні кешке жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға түсті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, өлімнің себебі миокард инфаркті екені айтылды.
Жауапты органдар марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова