СҚО-дағы спорт мектебіндегі өртке қатысты ТЖМ мен білім басқармасы пікір білдірді

Петропавлда бірнеше минут ішінде жанып кеткен жабық футбол манежіне қатысты облыстық ТЖМ мен білім басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 16 қаңтар таңертең орын алған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының орынбасары Марат Сыздықовтың айтуынша, жабық манеждегі өрт туралы шақырту сағат 8:17-де түскен.

Фото:Tengrinews.kz

"Үшінші деңгейдегі шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Оқиға орнына жеткенде, ПВХ (полиэтиленхлорид) жабыны бар жабық футбол манежінің жанғаны анықталды. Қасында техникалары бар гараж да жанып жатты", - деп хабарлады Марат Сыздықов.

Жабық футбол манежі "Қызылжар" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі.

ПВХ-ның жануынан қараңғы қою түтін пайда болып, оны қаладағы әртүрлі шағын аудандардан да байқауға болады. Өртті сөндіруге үш газды және түтіннен қорғау қызметінің топтары қатысты. Сағат 10-ға қарай өрт толығымен сөндірілді. Өрт кезінде стадионда қауіпсіздік пен тәртіпті полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

"Оқиға орнына бес автопатруль, шамамен 20 полиция қызметкері жіберілді. Сондай-ақ оқиға орнында полиция басқармасының басшылығы да болды. Кезекші бөлімі хабарлағандай, эвакуация қажет болған жоқ. Полиция күштері қоршауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті және 10 өрт сөндіру арнайы техникасы үшін кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Қоғамдық тәртіп бұзушылықтары тіркелген жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz сайтына сұхбат берген "Қызылжар" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Айсары Шакировтың айтуынша, өрт спорт мектебінің гаражынан басталған.

"Өрт шыққан кезде киім ауыстыру бөлмесінде жеті бала, бір жаттықтырушы және төрт ата-ана болған. Барлығы дереу эвакуацияланды, ешкім зардап шеккен жоқ. Манежде ешкім болмаған, ол жаттығулар басталғанша жабық тұрды", - деп түсіндірді Айсары Шакиров.

Гаражда екі трактор мен Газель көлігі болған, олар техникамен бірге толығымен жанып кетті. Сондай-ақ мектеп қызметкерінің көлігі де жанып кеткен.

Өлшемі 30x72 метр болатын металлоконструкциялы манеж 2017 жылы салынған және БЖСП тәрбиеленушілерінің футбол жаттығуларына арналған. Бұл өңірде футболшылардың қысқы жаттығулары үшін жалғыз нысан болған. Енді спортшылар жаттығуларын жалғастыра ала ма деп алаңдаулы.

"Біз тек шок күйдеміз. Енді қайда жаттығамыз? Біздің өңірде осындай манежге балама жоқ", - дейді жас футболшылар мен олардың ата-аналары.

 Облыстық спорт департаменті жаттығу үшін орын мәселесін жақын арада шешетінін уәде етті.

"Қызылжар" БЖСП-де 17 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта БЖСП-де Петропавл қаласының 426 оқушысы оқып жатыр, оның 184-і футбол бөлімінде, 216-ы футзал (мини-футбол) бөлімінде, 26-сы хоккей бөлімінде. Жаттығу процесін қайта бастау үшін қолайлы орын беру мәселесі қарастырылып жатыр", - деп пікір білдірді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Футбол манежі "Жастар" стадионында орналасқан, ол да "Қызылжар" футбол мектебіне беріледі.

БЖСП (Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) тәрбиеленушілері манеждің суық болғанын және оны үнемі жылытқыштармен жылытып отыру керектігін мойындайды. Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 2021 жылы манеждің жылыту жүйесі толық қайта жаңартылғанын хабарлады.

БЖСП кешені екі қабатты әкімшілік ғимараттан және жеңіл атлетикалық жүгіру жолақтары (400 метр) мен тартан жабыны бар стадионнан тұрады. Сондай-ақ УЕФА стандарттарына сәйкес жасанды жабындысы бар футбол алаңы, 600 орындық трибуна және 2017 жылы салынған жабық металлоконструкциялы футбол манежі бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!