Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавлдағы мамандандырылған тергеу соты үш адамға қатысты мерзімі екі айға "қамауда ұстау түрінде" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
СҚО-дағы даулы видео: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 18 сәуірде Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзғандар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен "Халық кеңесінің" үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!