Солтүстік Қазақстан облысында 3-курс студенті 1-курс студенттерінен ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде қорқытып, ақша алу дерегі анықталды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Бұл деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарламаған. Колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Оралда 13 жастағы бала өзінен кіші оқушыдан ақша бопсалағаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз