СҚО-дағы жантүршігерлік жағдай: өрттен бір бала көз жұмды, тағы біреуі үйінді астынан іздестіріліп жатыр

СҚО-дағы жантүршігерлік жағдай: өрттен бір бала көз жұмды, тағы біреуі үйінді астынан іздестіріліп жатыр
Фото: depositphotos.com

11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Майбалық ауылындағы жеке үйде өрт шығып, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

101-ге хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толық отқа оранып, қирағаны анықталған.

Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде жұбайы және кәмелетке толмаған екі бала болған.

"Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен кәмелетке толмаған бір баланың сүйегін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

Психологтар үй иесіне психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget