СҚО-да үй құстары жаппай қырылып жатыр

Еліміздің солтүстік өңірлерінде үй құстары жаппай қырылып жатыр. Тауықтар қонақтай алмай, қаз-үйрек бүк түскен жерінде өліп жатыр. Мамандар әзірге қандай індет жайлағанын білмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылжар мен Кереку өңіріндегі ондаған ауылдың қорасындағы қанаттылар қырылған. Павлодар облысының төрт ауданынан мамандар мың жарымнан аса тауық пен үйрек-қаздың өлексесін жинапты. Үй құстарының алдымен көзі суалып, ертесіне басын қанатының астына жасырған күйде өледі екен.

Тұрғындар құстарға келген кеселдің адамдарға кесірі тимей ме деп қорқады. Күз басында бір ауылдың тауықтары қырылған. Ол кезде сараптамадан ешбір індет табылмапты. Енді қайтадан сынама алып кеткен.

Ал павлодарлық ветеринарлардың сөзінше, індет аңшылық маусымы басталғанда жайылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!