СҚО-да үш көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Солтүстік Қазақстан облысында үш көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 наурыз Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында Челябі Новосібір автожолының 609-шақырымында Volkswagen Caravelle, Lada Granta автокөліктері мен жол үстін қардан тазарту жұмыстарын жүргізген Урал арнайы техникасы соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті: Урал, Volkswagen Caravelle автокөліктерінің жүргізушілері және Volkswagen Caravelle, Lada Granta жолаушылары.

Зардап шеккеннің бәріне медициналық көмек берілді. Қазіргі уақытта полицейлер жол апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!