Есіл өзеніне батып кеткен үш баланың біреуі әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Петропавлда Есіл өзенінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ересектердің бақылауынсыз тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен 2014 жылы туған жасөспірімнің денесін құтқарушылар іздеумен айналысып жатыр.
Іздеу жұмыстарына СҚО ТЖД жеке құрамының 52 адамы 5 бірлік техникамен, бір су асты дронымен және 2 ҰҰА, еріктілер мен полиция жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!