Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 9 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды. 2,5 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 618 азамат әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі khabar.kz арнасына сілтеме жасап.
Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуіне айыппұл салынған. Енді жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді.
"Былтыр тұрмыстық ұрыс–керіс салдарынан облыста 9 адам мерт болды. Оның бесеуі әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы — 30 бен 45 аралығында. Қылмыстарың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжалдың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр", - деді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Әсия Әбжанова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!