СҚО-да тұрғынның гаражынан 200 литрден астам спирт тәркіленді

СҚО-да тұрғынның гаражынан 200 литрден астам спирт тәркіленді
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алкогольді заңсыз сату фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде 62 жастағы қала тұрғыны келушілерге спирт ұсынған. Полиция қызметкерлері одан спирт құйылған 5 литрлік бөтелке мен тағы 15 литрді жалға алынған жертөледегі қоймадан тәркіледі.

Заңсыз сатылып келген өнімнің негізгі бөлігі ер адамның екі гаражында сақталған. Бұл орындардан 213 литр спирт тәркіленді. Қала тұрғыны тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Құрамында спирт бар өнімдердің заңсыз саудасымен күрес - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберіндегі полицияның маңызды бағыттарының бірі.

Полицейлер лицензияланбаған алкоголь өмірге және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады, ал заңсыз сауда қылмыс санының артуына ықпал етуі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина