СҚО полицейлері алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген әйелдің мекенжайын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Балалардың әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт кәмелетке толмаған баласы тәрбиеленіп жатқан СҚО тұрғыны бірнеше жылдан бері олардың күнкөрісі үшін аударым жасамаған. Солтүстік Қазақстан полицейлері оның Ақмола облысындағы тұрғылықты жерін анықтады, онда әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік инспектордың назарына түскен. Әйелдің айтуынша, ол алимент төлемегені үшін іздеуде екендігінен бейхабар болған.
Бұл жұмыс борышкерлерді, алимент төлемейтіндерді және туыстық байланыстарын жоғалтқан адамдарды іздестіру акциясы аясында жүргізілді. Ол 29-30 маусым аралығында өткізілді. СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық қолда бар есептер бойынша іздестірілгендерді күшейтілген режимде тексерді, байланыстар шеңберін, болуы мүмкін орындарды тексерді. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу фактісі анықталған кезде борышкерлер мемлекетаралық іздестіруге жарияланды.
"Акцияның басында барлығы 66 іздестіру іс болды, оның 59-ы мемлекетаралық іздеуге жарияланды. 2 күн ішінде 15 адам, оның ішінде айыппұл төлемеген немесе сот шешімін орындамаған 12 борышкер, алимент төлемейтін екі адам, туыстық байланысын жоғалтқан бір адам анықталды", - деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!