СҚО-да шенеунік Антикордың жауап алуынан кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктен таяуда ұсталған СҚО білім басқармасы басшысының ісіне қатысты күдікті ретінде жауап алынған.
"Біз СҚО-да білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы ақпаратты жария еткен болатынбыз. Оның қарамағындағылардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды", - дейді Тілеукенов брифингте.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз