- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да салымшыларды алдаған...
СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды
СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық сот құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысына салымшыларды алдау бойынша атышулы іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды (ҚК-нің 190-бабының 4-тармағы).
Сотталғандар Петропавл қ. салынып жатқан көпқабатты үйді адал тұрғын үй салушылар ретінде имидж құра отыра салымшылардың ақшасын ұрлағандықтары үшін жазаланды.
Іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған.
Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілгеніндәлелдеді, екі адамның 6 жылға нақты бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді.
Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың мүдделері талаптарын қанағаттандыру арқылы қорғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина