Петропавлда көшеде жүгіру кезінде полиция подполковнигі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Иван Гугняк өлі табылды деген ақпарат пайда болды. Жазбада ол аттестацияға дайындық кезінде жүгіріп, жаттығып жүргені айтылады.
Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшілеріне бұл ақпаратты растады. Алайда полицей аттестацияға дайындалып жүрген кезде мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын көрінеді. Себебі оның қызметтік лауазымы аттестатталушылар тізіміне кірмеген.
"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі Иван Николаевич Гугняктың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - дейді ПД өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!