Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полицейлерге шабуыл жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы наурыз айында Мамлют қаласының үш тұрғын көппәтерлі үйдің ауласында спирттік сусындар ішіп отырған.
Оларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген екі учаскелік инспектор байқап қалады. Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұл әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық екенін айтып ескерту жасаған. Олар полицейлердің ескертуін елемей жұдырық ала жүгірген.
Учаскелік полиция инспекторларының бірі ескерту жасап, табельдік пневматикалық қарудан аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Тек осыдан кейін құқық бұзушылар тынышталған.
"Аталған факті бойынша 21, 28 және 39 жастағы үш күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары және соттың қарауы жарты жылға созылды. Қыркүйек айында оларға үкім шығарылды. Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, басқа екеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәжірибе көрсеткендей, билік өкіліне қатысты күш қолданудың әр дерегі спирттік ішімдік ішу салдарынан жасалады. Азаматтардан осындай құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделетін жауапкершілік туралы ұмытпауларын сұраймын", – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!