СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 19 жастағы петропавлдықтың қорқытуға қатысы барын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 тамызға қараған түні бейтаныс адамдар оған дене күшін қолданатындықтарын айтып қорқытып, мобильдік қосымша арқылы 30 мың теңге несие рәсімдеуге және оны қолма-қол ақшаға айналдыруға мәжбүрлеген.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 6637 әскери бөлімінің "Б" тобымен бірлесіп, қорқытып алуды жасады деген күдікпен облыс орталығының 20 мен 22 жас аралығындағы үш азаматты ұстады.
"Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-бөлігіне (Қорқытып алу) сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан облыста қорқытып алудың 16 фактісі тіркелді. Олардың барлығы ашылды", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз