Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдаумен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды.
Мысалы Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік субъектісі аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен арнайы есепке қоймай айналымдарды жүзеге асырғаны үшін кодекстің 275-бабы 5-бөлігі бойынша 36,4 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Қадағалау органы аталған қаулыға аудандық сотқа наразылық келтірді, өйткені басқарма қабылдаған шешім кодекс талаптарын елеулі бұза отырып шығарылған.
Уәлиханов аудандық сотының 2024 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен прокуратураның наразылығы қанағаттандырылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, айыппұл салу туралы шешімнің күші жойылды.
Сот актісі заңды күшіне енді. Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары жергілікті кәсіпкердің құқықтарын қорғауға қол жеткізген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!