СҚО-да мектепте сірке суын ішіп қойған қыздың жағдайы белгілі болды

СҚО-да мектепте сірке суын ішіп қойған қыздың жағдайы белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында 10-сынып оқушысы сірке суына уланып қалған. Оқушының жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оқиға Айыртау ауданына қарасты Гусаковка орта мектебінде болған. Қыз бала сірке суын ішіп тұрғанын мұғалімдер көріп, дереу жедел-жәрдем шақырған.

Мамандар оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Телеарна мәліметінше, алдын ала болжам бойынша бұл жағдайға буллинг себеп болуы мүмкін. Қазір қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу басталған.

"Ішкі органдарын химиялық күйік шалған. Жағдайы өте ауыр. Нақты болжам жасауға әлі ерте. Бірақ науқас толық ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Еске салайық, бұған дейін ауыр жағдайдағы оқушы шұғыл түрде ТЖМ тікұшағымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget