СҚО-да қонаққа келген ерекше қажеттілігі бар жасөспірім жоғалып кеткен

СҚО-да қонаққа келген ерекше қажеттілігі бар жасөспірім жоғалып кеткен
Фото: ІІМ

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен ерекше қажеттілігі бар жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғабит Мүсірепов ауданында полицияның барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтерілген. Сағат 17:00 шамасында ерекше қажеттілігі бар 16 жастағы жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол басқа ауданнан қонаққа келген.

Ата-анасының айтуынша, олар баланы аз ғана уақытқа көзден таса қылған. Хабар түскен бойда полицейлер елдімекен аумағын бірнеше секторға бөліп, әрбір көшені, ауланы және адам баруы мүмкін орындарды мұқият тексеруге кіріскен. Жергілікті атқарушы органдар іздеу жұмыстарына дрон бөлген. Сонымен қатар, еріктілер, мектеп оқушылары іздеуге атсалысқан.

"Іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары да жұмылды. Жоғалған жасөспірім туралы ақпарат ауылдық чаттарға таратылды. Нәтижесінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің күзетшісі баланы көргенін айтып, оның қай бағытта кеткені жөнінде маңызды мәлімет берді. Жасөспірім Есіл өзені жағасынан табылды. Ол үш сағат өткен соң ата-анасына аман-есен тапсырылды", - деді ІІМ өкілі.

ІІМ баспасөз қызметі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget