СҚО-да қоқыс арқылы пайда таппақ болғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ақпараттық жүйелер мониторингі арқылы Экологиялық кодекс пен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң талаптарының бұзылғанын анықтады.
СҚО білім беру және медициналық мекемелері өздерінде пайда болған қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату немесе жою жөніндегі қызметке тиісті лицензиясы жоқ кәсіпкерлік субъектілеріне бергендерін анықтады.
Қызмет көрсету шеңберінде тапсырыс беруші кәдеге жарату үшін уәкілетті орган бекіткен Классификацияға сәйкес оның қауіпті түрлеріне жатқызылған 9 кәсіпкерлік субъектісіне қалдықтарды берген.
Тағы бір жағдайда, қалдықтарды тасымалдау кезінде уәкілетті органға тиісті хабарламаны жолдаусыз және "Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясының навигациялық жүйелеріне қосусыз қызметті жүзеге асырған 10 шаруашылық субъектісі анықталды.
Прокурордың қаулыларымен кінәлі лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 2 327 806 теңгеге айыппұл төлеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мемлекет бюджетіне толық көлемде өндірілді.
Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 75 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсету туралы 4 мемлекеттік сатып алу шарттарды жасасу сатысында тоқтатылды, мемлекеттік органдарға және кәсіпкерлерге экологиялық заңнама талаптары түсіндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!