СҚО-да жұмысшыларға міндетті зейнетақы жарнасы уақытылы төленбеген

СҚО-да жұмысшыларға міндетті зейнетақы жарнасы уақытылы төленбеген
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың зейнетақы құқықтарын қалпына келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қадағалау органы талдау шеңберінде зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдамау деректерін анықтады.

Істің мән-жайы

ҚР Әлеуметтік кодексінің 256-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы және толық көлемде төленбеген сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады.

Кодекстің белгіленген талаптарына қарамастан, Мағжан Жұмабаев ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы 5 жұмыс берушіге қатысты 7 ай бойы 50 жұмыскердің пайдасына міндетті зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша тиіс шаралар қабылдамаған.

Басқа жағдайда, Аққайың, Ақжар, Есіл, Мамлют, Шал ақын, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандары және Петропавл қаласы Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды адамдары Кодекстің талаптарын бұза отырып, зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін ӘҚБтК-нің 91-бабы бойынша 22 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаған.

Мәселе шешімі

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы зейнетақы төлемдері бойынша 3 миллион теңге мөлшеріндегі берешек өтелді, жұмыс берушілер мен Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді сақтау мәселесі қадағалау органының бақылауында.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек