Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы астық сақтау қоймасына құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақжар ауданында қайғылы оқиға болды.
Полиция департаменті мәліметінше, 19 қарашада ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен астық сақтау қоймасына құлап кеткен.
Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова