Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді. Өрт сөндіруші қызметкерлер көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болып отыр.
"ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Мүлікті өрттен қорғаңыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!