СҚО-да жол салу кезінде бюджет қаражаты жымқырылған

СҚО-да жол салу кезінде бюджет қаражаты жымқырылған
Фото: ҚМА

Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданындағы құрылыс кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

ҚМА мәліметінше, 2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында Akcent KZ ЖШС-мен "Сырымбет" кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтарын, инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу жөнінде шарт жасасқан.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы құны 1,4 млрд теңге болған. Бастапқыда құрылыс 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған, алайда жобаны іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Соған қарамастан, нысан құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған.

Осылайша, іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 млн теңгеге жеткен.

Кімдер күдікті деп танылды?

Мердігер ұйымның басшысы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы осы іс бойынша күдікті деп танылды.

Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget