СҚО-да жол өткелін салуға бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға түскен

СҚО-да жол өткелін салуға бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға түскен
Фото: Tengrinews.kz

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында жол өткелін салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылы тамызда Петропавл қаласы әкімдігі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен "БУКА" ЖШС арасында жалпы құны 5,4 млрд теңгеге жол өткелін салу туралы келісімшарт жасалған.

Шартты орындау барысында мердігер ұйым жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешіккен. Тергеу амалдарына сүйенсек, мердігер ұйымның директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөз байласып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәлімет көрсетілген актілер рәсімдеп, қол қойдыртқан.

Осы құжаттар негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған.

Заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден аса залал келген. Сот санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 көлік пен арнайы техникаға тыйым салынды. Күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget