Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті қар астынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
45 жастағы ер адам 2023 жылғы 19 ақпанда сағат 14:00 шамасында Янко станциясынан Ғабит Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылына жаяу шыққан.
Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, волонтерлер және жергілікті тұрғындар арасынан іздестіру іс-шараларын жүргізу бойынша 3 жедел-іздестіру тобы құрылды.
Тасымалдануы жоғары көлік пайдаланылған, ал тағы бір топ атпен іздеген. Ал бүгін, 20 ақпанда Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесін қардың астынан табылған.
"Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!