Петропавл колониясында екі жазасын өтеушінің арасында қақтығыс туындаған. Осының салдарынан 43 жастағы ер адам тұншығып, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.
№48 қылмыстық-атқару мекемесінде сотталған адам қаза тапты. Оқиға 21 шілдеде болған. Жазасын өтеушілер арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Ауызша жанжалды колония қызметкерлері тоқтатты. Жанжалға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Осы кезде сотталғандардың бірі тұншыға бастаған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, бірақ дәрігерлер қабылдаған барлық шараларға қарамастан, ер адам қайтыс болды. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Оның кенеттен қайтыс болуына не себеп болғанын полиция анықтау үстінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!