- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да жасөспірім ауруханаға...
СҚО-да жасөспірім ауруханаға тапаншамен баса-көктеп кіріп, дәрігер мен науқасқа шабуыл жасаған
23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.kz-ке сілтеме жасап.
Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер ішке негізгі есік арқылы рұқсатсыз кірген. Олар медицина қызметкерлері мен күзетшілердің ескертуін елемеген. Боғауыз сөздер айтып, "шабуылды" жалғастырған.
"Аурухананың екінші қабатында сынықпен түскен құрбысына, 15 жастағы науқасты көру үшін көтерілген-міс. Жасөспірім оны дәлізге сүйреп шығар. Кушеткаға отырғызып, басынан ұра бастады. Дәрігерлер мен медбикелер ескерту жасай бастаған, оған А. есімді азамат 17 жастағы жасөспірім қыздың балдағын тартып алып, невропатологтың ішінен ұрған. Содан кейін тапаншаны қалтасынан шығарып, әдепсіз сөздер айтып, қорқыта бастаған", - дейді Нұрлан Айманов.
Осыдан кейін жасөспірім бірінші қабатқа түсіп кеткен. Қашып бара жатып есіктің әйнегін сындырып, қолын жарақаттаған, артынша екінші есікті де сындырған. Сосын ол қарумен қорқытып, қашып кеткен. Бұл факті бойынша полицияға хабар берілген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
17 жастағы А.-ның облыстық балалар ауруханасында мұндай жанжалды төрт рет ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда науқастарды тапаншамен қорқытып, ұрып-соғу бірінші рет болып отыр екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан