- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СҚО-да жас ана...
СҚО-да жас ана жаңа туған баласын қораға тастап кеткен
Солтүстік Қазақстанда жас ана үй жағдайында босанып, сәбиін көрші үйдің қорасына тастап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданында болған.
Белгілісі, 25 жастағы әйелден қан кетіп, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер келіншекті тексерген соң оның жас босанған ана екендігін анықтаған. Ол үйде босанып, сәбиін көрші үйдің қорасына тастап кеткен. Қазір ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Жас ана Ғ. Мүсірепов аудандық ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты. Сәби перинатальдық орталыққа жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина