Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы апат 7 ақпанда Қызылжар ауданында Жезқазған - Петропавл автожолының бір бөлігінде болған.
Toyota Camry көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен Shacman жүк көлігіне соғылған. Екі көлік те өртеніп кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалған. Алғашында жеңіл көліктің 55 жастағы жүргізушісі қаза тапқаны хабарланған. Кейінірек жеңіл көліктің ішінде тағы бір жолаушы болғаны анықталып, оның да қаза тапқаны белгілі болды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Екінші апат 8 ақпанға қараған түні, таңға жуық облыстың Мамлют ауданында болды. Audi көлігі сүт таситын автокөлікпен соқтығысқан. 24 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
"8 ақпанда "Мамлютка - Қостанай" автожолында КамАЗ бен Audi соқтығысуынан Audi жүргізушісі қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті.
Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көліктің техникалық жағдайын бақылау қажетін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!