СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: СҚО Полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты 25 қыркүйекте Астана-Петропавл тасжолында болған. Daewoo Nexia мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды.

Зардап шеккен тағы үш азамат Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Жарақат алған үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілген. Зардап шеккен 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды. Оқиға кезінде жарақаттанған тағы екі азаматтың біреуі облыс орталығына жеткізілді", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова